Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазасын алды

Жалған ақпарат таратқандар қалай жазаланады?

Атырау облысының Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы 23 наурызда 19 сағат 05 минут шамасында А.А. Махамбет ауданы әкімі телеграмм чатына Махамбет ауданы ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне келіп түскен қыз баланы «короновирус» ауруына күдіктеліп жатқызылғаны туралы жалған ақпаратты аудио жазба арқылы таратқан.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 7)тармағымен азамат А.А-ға қатысты әкімшілік іс "TRUECONF" қосымшасы арқылы қашықтықтан қаралды. Сот қаулысымен А.А-ға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 476-бабының 7)тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот отырысында А.А. кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтыны және жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT