Қор нарығында доллар 494 - 499 теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494– 499 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 495,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,98 теңге. Еуро — 524,37.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,9 теңге. Еуро 522,5 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 15 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,97 теңгеге қымбаттап, 496,01 теңге болған.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды екенін айтты. 

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берген еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT