Өткен жылы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы аясында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Бұл реформаны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылып, оған заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы барлық ұсынымдарды зерделеп, жүйеледі, сондай-ақ азаматтардан түскен ұсыныстарды жинақтады.
Азаматтар өз ұсыныстарында тек бір палаталы Парламент мәселесін көтерген жоқ. Сол себепті Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы шешім қабылдады.
Бүгін Елордада Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова жетекшілігімен комиссияның алғашқы отырысы өтті. Сот төрағасы реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Оның айтуынша, жұмыс тобы мүшелерінен бөлек, азаматтардан екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскен.
Кеңейтілген құрамдағы Конституциялық комиссияның құрылуы - пікірталастар барысында қалыптасқан ауқымды қоғамдық сұранысқа жауап болғандай.
А.Жексенғалиқызы,
аудандық мәслихат депутаты
Конституциялық комиссия - қоғам сұранысына жауап
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 70




