Көмекті зәру жандар ғана алса деймін

Алдағы жылы елімізде енгізілетін әлеуметтік көмектің жаңа форматына қатысты сауал көп.

Елбасының Ұлт жоспарында әлеуметтік көмекті оның сипатын күшейте отырып, оңтайландыру тапсырылғандықтан, енді жәрдемақы тек қана шынымен зәру аналарға ғана берілетін болғаны бізді қуантып отыр.

АӘК жаңа форматы енгізілуімен не өзгереді?

Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету, әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқанда ғана берілетін болды. Енді АӘК 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, төрт және одан көп он сегіз жасқа дейін көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктіретін көрінеді. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасылармен әлеуметтік келісім-шарт жасалып, еңбекке қабілетті жанұя мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу шарты қойылмақшы.

Бұл аналарға туғызылған жақсы мүмкіндік деп ойлаймын.

А.Сәдуақасқызы,

көпбалалы ана

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT