Енді 7 жыл көлік жүргізбейтін болды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту бөлігіндегі өзгерістер заңды күшіне енгені туралы ескертеді. Енді мас күйінде көлік жүргізгені үшін "қамауға алу" қаупі бар.
Махамбет аудандық сотында 27 желтоқсан 2019 жылғы өзгерістерге сәйкес, 11.01.2020 жылы азамат Р-ға қатысты ҚР ӘҚБтК нің 608 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан тұлға Р. ҚР ӘҚБтК - нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Кенже Сапар
Сурет:дереккөз