Құлсарыда Zhylyoi Code Contest-2026 турнирінің финалы өтті

10 қаңтар күні Құлсары қаласындағы №8 мектепте спорттық бағдарламалау бойынша Жылыой аудандық "Zhylyoi Code Contest–2026" турнирінің финалдық кезеңі өтті.

Финалға онлайн іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздік қатысушылар қатысып, өзара білім мен жылдамдықтарын сынға салды. Турнирдің басты мақсаты – оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту және бағдарламалауға қызығушылығын арттыру.

Финалдық кезеңнің нәтижелері бойынша:

1-орын – Жаңа Қаратон ауылының №22 мектебінің оқушысы Қосаев Саулет
2-орын – Шоқпартогай ауылының №3 мектебінің оқушысы Бекжан Өтегенұлы және Қосшағыл ауылының №2 мектебінің оқушысы Мұса Нұрасыл
3-орын – Шоқпартоғай ауылының №3 мектебінің оқушысы Қайсар Бақытжанұлы.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өздерінің бағдарламалау саласындағы білімдері мен тәжірибелерін көрсетті. Мұндай турнирлер жасөспірімдердің IT саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандарды даярлауға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, турнир JasUp жобасының қолдауымен өтті. Аталған жоба -  «Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 2024 жылдан бері жоба өңір жастарының IT-дағдыларын дамытуға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT