Құлсарыда “Таза Қазақстан” экоакциясы аясында сенбіліктер өтуде

Құлсары қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Бұл жолы қаланың орталығындағы бірқатар көшелер қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акция екі ай бойы жалғасады.

Негізгі мақсат – қаланың тазалығын сақтап, оның көркейуіне үлес қосу және табиғатты аялау.

Мамандардың айтуынша, қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның өзінен басталады. Егер әр тұрғын туған қаласына жанашырлықпен қараса, экологиялық жағдай да жақсара түседі.

Әр сенбіліктен кейін қаланың келбеті айтарлықтай жаңарып, көшелер таза әрі жайлы болуда.

Айта кетейік, акция аясында осы күнге дейін 200 түп ағаш отырғызылған. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT