Құлсарыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

 "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

 Шараға мекеме қызметкерлері және жастардан құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сенбілік барысында қатысушылар қаланың көшелері мен саябақтарын, қоғамдық орындарын тазалап, қоқыс жәшіктерін ретке келтірді.

Ұйымдастырушылар мұндай сенбіліктерді дәстүрлі түрде өткізу экологияны сақтауға, қоғамда экологиялық сананы арттыруға үлкен үлес қосады дейді. Олар акция аясында белсендік танытып жүрген жастарға алғыстарын айтып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті. 

 Еріктілердің айтуынша, айналаны таза ұстау әр адамның өзінен басталады. Әрбір азамат өзінің туған қаласына жанашырлықпен қараса, қоршаған орта да жақсарады.

Әр сенбіліктен кейін қаланың келбеті айтарлықтай өзгеріп, көшелер таза әрі жайлы бола түседі. Мұндай игі бастамалар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, әр тұрғынның табиғатқа деген жауапкершілігін нығайтады.

                                           

Айнұр Махамбетова 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT