Суға кету қаупі бар Құлсары қаласында Жылыой аудандық орталық ауруханасында егіз ер бала өмірге келді.
Алайда қауіпсіздік мақсатында Бейнеу аудандық ауруханасына жедел-жәрдем көлігімен тасымалданды.
-Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар жас ананың төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы – 52 см. Біреуінің салмағы – 3500гр, келесінікі – 3350 гр, – дейді облыстық жедел штаб өкілдері.