Өткен жылдың желтоқсан айында басталған жоба аяқталуға жақын. Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Құлсары қаласында Құрсай каналының жағалау сызығының екі шақырымын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
⁃ Жағалауға 10 200 шаршы метр тротуар плиталары төселді, жергілікті тұрғындардың демалуына арналған 103 орындық, арнайы қоқыс жәшіктері және 203 шам бағанасы орнатылды.
Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстарын қамтып отырмыз. Бүгінгі таңда жағалау бойында 350 тал көшеті егілді.
Абаттандыру жобасы өңірдің ірі жер қойнауын пайдаланушыларының "Игілік" әлеуметтік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Құлсары қаласындағы Құрсай каналының жағалауын абаттандыру Атырау облысындағы "Таза Қазақстан" акциясының жалғасы болды, - дейді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.
Бұған дейін Жылыой ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өткен болатын. Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Құлсары тұрғындары да осы іс-шараға қатысып, су тасқынына қарсы күрестен қалған қоқыстарды жинады.
Сенбілік қорытындысы бойынша арнайы полигонға 180 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
Еске сала кетейік, өңірде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жүзеге асырылуда.м