«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАДАМДЫ ТҮРДЕ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган –ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың атқарушы органдарының персоналды басқару қызметінің мамандарына мемлекеттік органда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізілді.

Шара барысында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов заңнама жаңашылдықтарын, бос лауазымдарға азаматтарды тарту мәселелеріне ерекше тоқталды.

Мемлекеттік қызметте әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген нақты біліктілік талаптарына сай болуға тиіс. Ол бойынша Департамент заңнама бұзушылықтарының алдын-алу мақсатында тиісті шаралар қабылдап, тұрақты негізде мониторинг жасайды екен.

Сәйкес емес азаматтарды қабылдау жауапты мамандармен қоса лауазымды адамға жаза қолданып, одан әрі әкімшілік айыппұл салуға алып келеді. Осы секілді лауазымдарға орналастыру рәсімдерін бұзғаны үшін бүгінгі күнге дейін

18 хаттама толтырылған.

Атап өтетін жәйт, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыруды көздейтін, барлық конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін «Е-қызмет» жүйесінің сыртқы порталы іске қосылғандығы айтылған болатын. Оны қазір барлық мемлекеттік органдарда ендіру жұмыстары басталған.

Осы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі әрбір азаматқа конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн қатысуға мүмкіндік беріп, адами факторларды азайтады, сондай-ақ анонимділікті қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін үміткерлерге

ID-номерлер беріледі. Осыған байланысты іріктеу процесіне деген сенім мен конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің санының едәуір арттырып отырғаны көрінді.  

 Бұған қоса, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік грант бойынша оқу орындарын жоғары көрсеткішпен бітірген түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігін қалыптастырылғандығын атап өту қажет.

Бұл мемлекеттік қызметке білікті жас мамандарды тартуға және жергілікті жерлерде кадр тапшылығын төмендетуге ықпал етеді деп санайды Департамент басшысы.

Бүгінгі таңда ауылдық және аудандық деңгейдегі түрлі лауазымдарға конкурссыз тағайындалып, ілгерілеген түлектер қызмет атқаруда екен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT