Үкімет өнеркәсіп саласында жоғары деңгейлі қайта өңдеуге ерекше назар аударып отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын құру, сондай-ақ салаға белсенді түрде инвестиция тарту жөнінде бірқатар шара қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары қайта өңдеу деңгейі бар өндірістерді игеруге ерекше назар аудара отырып, отандық шикізат пен құрамдас бөлшектерді барынша пайдалану, сондай-ақ ірі кәсіпорындар айналасында аралас өндірістерді дамыту көзделген.

Аталған бастамалар экономиканы әртараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы аясында іріктелген. Олардың қатарында KIA Qazaqstan (Қостанай облысы) және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (Алматы қаласы) автомобиль зауыттары бар, сондай-ақ металлургия, химия, мұнай-химия және тамақ өнеркәсібі бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасады:

1. «Mineral Product International» ЖШС металлургия кластері (Павлодар облысы).

2. «ССГПО» АҚ ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты (Қостанай облысы).

3. Qarmet комбинатын жаңғырту (Қарағанды облысы).

4. «KAZ Minerals Smelting»/NFC ЖШС мыс балқыту зауыты (Абай облысы).

5. «Ертіс» гидрометаллургия комбинаты (Павлодар облысы).

6. «Бутадиен» ЖШС бутадиен және оның туындыларын өндіру зауыты (Атырау облысы).

7. «KMG PetroChem» ЖШС полиэтилентерефталат (ПЭТФ) өндіру зауыты (Атырау облысы).

8. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезегі (Шымкент қ.).

9. «КазАзот Prime» ЖШС аммиак пен карбамид өндіру зауыты (Маңғыстау облысы).

10. «Qazaq Kalium Ltd» жеке компаниясының калий тұздарын өндіруге арналған байыту-өндірістік кешені (Батыс Қазақстан облысы).

11. «Астана Туризм» ЖШС көпфункционалды туристік ауданы (Астана қаласы).

12. «Жылы жағажай» кешенді дамуы (Маңғыстау облысы).

13. Бидай мен бұршақты терең өңдеуге арналған интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен (Астана қаласы).

14.«Qostanai Grain Industry» ЖШС дән мен бидайды терең өңдеу зауыты (Қостанай облысы).

15. «Силлено» ЖШС «KMG PetroChem» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешені (Атырау облысы).

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық компаниялардың мемлекетке төлейтін дивиденді неге азайғанын айтты.  

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT