"Көңіл иірімдері" кітабы таныстырылды

Аудандық орталық кітапханада ардагер ұстаз, ақын, сазгер, Махамбет ауданы, Есбол ауылының талантты перзенті Теміржан Есенғалиевтің «Көңіл иірімдері» атты кітабының таныстырылым кеші өтті.

Оған ақын Теміржан Есенғалиев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Жандос Дүйсембаев және де ақынмен үзеңгілес болған зейнеткер кітапханашылар қатысты.

Алдымен ақынның өмір жолы жайлы бейнебаян көрсетілді. Алғашқы туындысы «Досқа тілек» 1974 жылы аудандық «Малды өңір» газетінде, кейіннен облыстық баспасөз беттерінде жарияланғаны айтылды.

Кеш барысында ақынның өмірінен сыр шертіп, өлеңдері жатқа оқылып, өнегесі сөз болды.

Кешке қатысушы жастар ақынның шығармашылығынан «Атырау асыл аймағым», «Махамбет Атамекен топырағым» атты әндерін орындап, тың серпіліс сыйлады.

Ержан Молдан - ақынның «Тарас Наурызәліге» атты өлеңін оқыды.

Бірге жұмыс жасаған әріптестері де өз естеліктерімен бөлісті.

Жерлес қаламгер Тарас Наурызәлі мен қызметте бірге болған Дәрен ағайдың экран арқылы Теміржанға арнаған жылы лебіздері көрсетілді.

Оқырмандар ақынға деген өз сұрақтарын қойып, толымды жауаптарын алды.

Кеш соңында талантты ақын кітапханаға кітабын табыстап, жеке туындысын орындап берді.

Айымгүл Мәлікқызы, 

Атырау университетінің филология мамандығының 4 курс студенті.

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT