«Киік» табиғат қорғау шарасы өтті

11-29 желтоқсан аралығында аудан көлемінде «Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау іс-шарасы өткізілді.

Шара киік мүйіздерін заңсыз дайындаумен және оларды елімізден тыс жерге контрабандалық шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталды.

Іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, ұйымдастыру кезінде Махамбет аудандық балық қорғау инспекциясы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Сонымен қатар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде мүйізді сатып алу орындарына мониторинг жасалып, жедел топ ұйымдастырылып, мүйіз қабылдаушыларды құрықтау шаралары алынды.

Бұған қоса аудандық автожолдар, айналма және далалық жолдардан заңсыз тасымалдаудың, әкетудің жолын кесу бойынша бақылау күшейтілді.

Құрықталған әрбір заң бұзушы заңда көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Алмас УМІРЗАҚОВ, Махамбет аудандық

полиция бөлімінің Жергілікті полиция

қызметі бөлімшесінің учаскелік

полиция инспекторы,

полиция майоры

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT