Салтанатты іс-шараның ашылуына орай қазақша әндер шырқалып, ұлттық билер орындалды
Киевтегі « Мызғымастық киіз үйінің» мәдени кеңістігінде Қазақстан Республикасы күні аталып өтті. «Бауырлас қазақ халқын осы мерекемен құттықтаймыз және қиын кезеңде көмек көрсетіп, Украинаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз», — деп атап өтті Украина халық депутаты, Украина — Қазақстан парламентаралық достық тобының басшысы, «Мызғымастық киіз үй» жобасының тең құрылтайшысы Сергей Нагорняк.
Салтанатты іс-шараның ашылуына орай Киевтің академиялық үрмелі оркестрінің орындауында Украина және Қазақстанның Мемлекеттік әнұрандары орындалды. Киевтік «Барвиночок» украин биі мектебінің оқушылары қонақтарды қазақтың «Қамажай» биімен қуантты.
«Веселат» вокалды халық ән ансамблі украин және қазақ халқының достығына арналған қазақ тіліндегі жолдардан тұратын «Достық әнін» шырқады. Ән сөздерінің авторы Дмитрий Луценко, ал музыкасы Игорь Шамонікі. Бұл украин ән лирикалық өнері тарихындағы ең танымал шығармашылық тандемдердің бірі — Луценко және Шамо Киев әнұранының сөздерімен музыкасының авторлары.
«Біз бүгін қазақ халқына сыйлық ретінде украиндықтардың казақ мәдениетін құрметтейтінін көрсеткіміз келді, өйткені Киевтің орталығында, Тарас Шевченконың атындағы саябақта қазақтың өмірін көрсететін нағыз қазақтың киіз үйі — біздің «Мызғымастық киіз үй» орналасқан. Украин ұжымдарына қазақ музыкаларын, әндерін, билерін орындауларын өтіндік, олардың осыған қуанышпен келіскедеріне өте ризамын. Біздің халықтарымыз арасындағы мәдени алмасу Украина мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас пен байланыстарды дамыту үшін өте маңызды. Іс-шараның қонақтарын 2023 жылғы 14 қаңтарда тігілген киіз үй таң қалдырып және оларды қазақ мәдениетіне ғашық етуде. Сонымен қатар, іс-шара қонақтары Қазақстан әнұранын «жанды» орындауын, қазақ тіліндегі әндерді естуге, қазақ билерін көруге қуанышты болды» — деді Сергей Нагорняк.
Қазақстан халқын құттықтау үшін әйгілі ақын және суретші Тарас Шевченконың кіші Отанынан — Черкассы облысынан ұжымдар келді. Украиндықтар Пайғамбар деп санайтын, Тарас Шевченко Қазақстанға жер аударылып, 10 жыл қуғында өткізген. Қазақ халқын, сондай-ақ, қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін өз суреттерінде де, әдеби шығармашылығында да жиі бейнелеген. Звенигородок қаласынан (бұл қалада осы жылы «Мызғымастық киіз үйнің» тағы бір жобасы — «Тараз киіз үйі» тігілді) «Заспив» халық ән ансамблі келді. Музыканттар Тарас Шевченконың сөздеріне жазылған бірқатар әндерді орындады.
Ұжым қатысушылары «Тарас киіз үйін» орнату туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Ол Тарас Шевченкоға байланысты жерлерге барғысы келетіндер үшін өте тартымды орын болды. Ұжым қатысушылардың айтуларынша, бұл мәдени кеңістік қала мәдениетінің өте маңызды бөлігіне айналды. Сондай-ақ, украин халық әндерін орындаған Черкассы аумағынан «Родына» халық хоры келді. Іс-шара қонақтарына қазақ ұлттық киімдері көрсетілді және баршаларға қазақ шәйі, бауырсақтар, тәттілер ұсынылды.