Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайының жұмысы қайта жанданды

Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Айта кету керек, 23 наурыздан бастап еліміздегі әуежайлар әлемдегі пандемияға байланысты жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді. Карантин кезінде тек чартерлік рейстер ұшты. 25 мамырдан бастап Атырау-Нұр-сұлтан, Атырау-Алматы бағытындағы әуе рейстері ашылды.

Ал, 1 маусымнан бастап яғни бүгін Атыраудан Қазақстанның барлық қалалаларына ұшақпен жетуге болады. Әуежайда санитарлық талаптарға сай арнайы дәліз жасалған. «Атма-Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ бас директорының орынбасары Феруден Ариф:

«Әуежайда санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Арнайы тоннель жасалды. Әрбір қызметкер қауіпсіздік мақсатында бетперде, антисептиктер, қолғаптармен қамтылған. Ең бастысы, әлеуметтік арақашықтық сақталады. Қазір қалыпты жағдайда жұмыс жасаудамыз»,-деді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT