Халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді

Бұл сайлаудың ауылдың болашағы үшін пайдасы зор деп есептеймін.

Халық өздерінің парасатты, ауылды алға жетелейді дейтін азаматын таңдайды. Соған мүмкіндік беріліп отыр.

Енді сайланған әкім орталыққа қарап шешім қабылдамайды. Ауылдағы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс жасайды. Сол аймақтың даму жоспарын айқындайды. Соған қажетті қаражатты бекітеді. Жүйелі жұмыс жүреді деп ойлаймын.

Қазір құдайға шүкір ауылдарымыз біраз жаңарып қалды. Жолы, газы, тоғы тағы басқасымен толық қамтамасыз етілді. Әлі де дами береді. Әрине, аманатқа қиянат жасалмай, тұрғындардың таңдауы болуы тиіс. Сайлау әділ өтеді дегенге сеніммен қараймын. Сонда ғана халық пен әкім бірігіп ауылды гүлдендіріп әкетеді.

Әлия ҚАРАШИНА,

Индер аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT