Халықты баспанамен қамтуда Атырау облысы алғашқы үштікке ілікті

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуына қарағанда, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Атырау, ШҚО, Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Ведомство басшысы Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалып отыр. Биылғы қаңтар-тамызда 8,9 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсімі 10,5%-ды құрады. Есепті кезеңде барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады», - деді министр.

Ал ауыл шаруашылығында республика бойынша орташа өсім 2% болған. 14 өңірде оң динамика тіркелсе, соның ішінде ең жоғарғы өсім - Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі.

«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 5 өңірде – Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал, 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсім бар. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды», - деді Әсет Ерғалиев.

 

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521