Халық денсаулығы басты назарда болады

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгін облыстық қоғамдық штаб өкілдері облыстық оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандармен жүздесті. Кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, мән-маңызы түсіндірілді. Штаб мүшелері сайлауға қатысудың маңыздылығы туралы да айтты.

-Мемлекеттің тағы бір маңызды міндеті – халықтың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру екенін Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында нақты келтірген. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетінін де жеткізді. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны жыл сайын көбейе бермек. 2027 жылы оның көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызына жетеді. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітілетінін де айтты, деді облыстық қоғамдық штаб мүшесі М. Ізбасов.

Жиында ҚР Президентінің Жолдауы да талқыланып, негізгі өзекті мәселелер көтерілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521