Кедергісі көп көлік тасымалы

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Мұрат Теміржанов пен Екатерина Смышляева Қазақстан көлік тасымалдаушылары одағы өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында ЕО елдеріне жүк тасымалдау үшін қажет құжат айналымы мəселелері, жүк көлігін Қытай шекарасындағы пункттерден өткізу проблемалары, автопарктердің тозуы жəне жүргізушілердің жетіспеушілігі, сондай-ақ көлік пен логистиканы цифрландыру мəселелері талқыланды. Кездесу барысында Мұрат Теміржанов партияның сайлауалды бағдарламасында көліклогистика саласын дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Қазақстан аумағынан 11 халықаралық транзиттік дəліз өтеді: 5 – темір жол жəне 6 – автомобиль жолы. Ал көлік саласы 600 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Транзиттік əлеуетті дұрыс пайдалану, көлік инфрақұрылымын салуды жалғастыру, өзге елдермен байланыс орнатуды дамытуға жəрдемдесу қажет. ЕАЭО кедендік шекарасында орналасқан 9 автомобиль жəне 1 темір жол өткізу пунктін жаңғырту жəне техникалық жарақтандыруды жетілдіру жоспарланып отыр. Жаңғыртылған өткізу пункттерінде интеграцияланған кедендік бақылау жүргізіледі. Көлік-логистика саласын дамыту үшін транзиттік тасымалдардың бірыңғай цифрлық жасыл дəлізі құрылады. Бұл қадам жүкті жеткізу мендекларациялауды жеңілдетуге, кедергілерді жоюға жəнеадал тасымалдаушылардың бəсекеге қабілетін арттыруғакөмектеседі.

Кандидат Екатерина Смышляева партия бағдарламасынəзірлеу кезінде саладағы проблемалар ескерілгенін атапөтті. Алдағы уақытта мəселелерді шешудің тың тетіктеріқолға алынып, салада серпіліс пайда болады деп күтіліпотыр.

«Бұған дейінгі шақырылымда біздің фракция жолқозғалысы мəселелері жөніндегі заң жобасына бастамашыболды. Бұл жоба – қазір Мəжілісте. Келесі құрам аталғанбастаманы соңына дейін жеткізуге тиіс. Бұл заң жобасындабірқатар проблемалық мəселе қамтылды. Оның бір бөлігінқұжатты талқылау кезінде көтеруге болады», дедіЕ.Смышляева.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT