Аталған ғылыми-техникалық жобалар конкурсы «КазРоботикс» федерациясының даму бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және 2016 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы байқауға еспублика бойынша 70-тен астам өтінім қабылданып, соның 53-і қорғау кезеңіне жолдама алды.
«Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбы аясында өткен конкурс нәтижесі бойынша «ПРОТОТИП» категориясында мектебіміздің 10 «А» сынып оқушылары Бейбарыс Қайса мен Алихан Темір жүлделі III орынға ие болды. Сонымен қатар, 9 «А» сынып оқушылары Амира Ғұмар мен Алдияр Аристанғалиев «ЭКО-ПРОТОТИП» номинациясымен марапатталды. Аталған жобалардың жетекшісі – Таңшолпан Әбілова.
Бұдан өзге, «GIRLS in STEM» номинациясы 9 «G» сынып оқушылары Адия Даулетова, Райна Аманжол және Меруертке Санагатоваға табысталды. Бұл жобаның жетекшісі — химия пәнінің мұғалімі Гүлзия Бейсенбекова.
Алдағы уақытта жеңімпаз командалар үшін қаңтар–ақпан айларында халықаралық International Creativity and Innovation Award (ICIA) байқауына қатысу ережелерімен таныстыру мақсатында ағылшын тілінде онлайн жаттығу кездесулері жоспарлануда. Бұл бастама оқушылардың халықаралық деңгейдегі тәжірибесін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.



