Қазақстанда Аналар күні биыл бірінші рет жаңа датада аталып өтуде

Менің өмірімде ерекше орын алатын, аты алтынмен құйылған бір жан ол менің анам Жұбанова Маруаш Иманғалиқызы. 

Маруаш Иманғалиқызы 1947 жылы, 14 сәуір күні бұрыңғы Новобогат ауданында дүниеге келді.Саналы ғұмырында еліміздің медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өз жұмысыңызға адал, сапалы, кәсіби шеберлікпен және жауаптылықпен орындаған білікті маман ретінде танылды.1972 жылы әкем Есенов Қуанышқали Аманғалиұлымен отау құрып, бес баланы дүниеге әкелді. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған аяулы ана. 7 немере, 12 жиеннің сүйікті әжесі.

Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше, ол балаларын тәрбиелеп, бағыт-бағдар береді. Ананың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.

Менде бүгінгідей ерекше күні, анам туралы жүрек түкпіріндегі жылы лебізімді жеткізгім келеді.

Анашым сіз мен үшін бүкіл жарық әлемді сыйладыңыз.Менің әрбір қуанышыма бірге марқайып,әрбір сәтсіздігіме бір жасқа қартайып,күні-түні әр перзентіңіздің көңіліне қаяу түспесінші,қабағын кірбің салмасыншы деумен келесіз.Біз үшін қанша уайымдап, қанша мехнат тартқаныңызды айтпасаңызда әрбір ақ тал шашыңыздан,әжім торлаған көзіңізден, балдай жәудірей қараған жанарыңыздан байқалып-ақ тұрады.«Есейіп кетсемде, мен саған сәбимін» деген өлең жолдары ойыма оралуда.Бүгінде әрбір биікке шықскм, еліме пайдам тиіп, әке есімін аброймен арқалап жүрсем, ол сіздің алақаныңызбен шашқан дәніңіздің берген жемісі .

Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес сияқты. 

Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз ғой...

12 мамыр барша аналарды мерекемен құттықтаймын!Аллам мықты денсаулық , күш-қуат, ұзақ ғұмыр, өмір берсін !

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521