"Қауіп бар": Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары жағдайды баяндады

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев тасқынның алдын алу бағытында жұмыстар жалғаса беретінін айтты.

“Ойыл өзенінің тасып Миялы ауылына қауіп төндіруіне байланысты 31 наурыз күні аудан бойынша төтенше жағдай жарияланды. Содан бастап тұрғындар жұдырықтай жұмылып бірлесіп әрекет етуде. Үш жүзге жуық ерікті мекеме қызметкерлері шықса, одан бөлек үш мың ауыл жастары, Сағыз, Мұқыр ауылының жастарының арнайы еріктілері келіп ауданымызды судан қору жұмыстарын атқаруда. Облыстық ТЖД-дан 110 қызметкер келді. Қазір бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта аудандағы судың деңгейінің аздап түсуі байқалады. Десекте, әлі қаупі бар. Қажетті қапшықтар дер кезінде жеткізіліп, таратылып берілді. Қазір осы бағытта жұмыстар жасалуда. Жалпы, ауданға су көптеп келуде. Бұрын мұндай су болған жоқ. Миялы ауылын су түгелдей айналып кетті. Десекте, құтқарушылармен, жергілікті тұрғындармен, еріктілермен қауіптің алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда”,-деді Ж.Есенғалиев.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT