Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына келді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT