Кәсіпкерлікке кең өріс

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялаған еді.

Жолдаудағы бастамалар Қазақстан дамуына даңғыл жол ашты. Мемлекет басшысы ұсынған ішкі реформалар еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларында айтарлықтай өзгерістерге бастады. Инфрақұрылымның энергетика мен ауыл шаруашылығы негізгі секторларындағы реформаларын бастап, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйді жақсартуға дейін, өңірлерді дамыту мен ШОБ қолдауынан бастап, көппартиялы жүйені нығайтуға дейін барлық осы реформалар Қазақстан азаматтарының ұзақ мерзімді гүлденуі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін қоғамдағы өсудің және алға жылжуын көрсетеді. Бұл Қазақстанға әлемдік экономиканың ірі мемлекеттер арасында алатын орнын қамтамасыз етеді.

Экономиканың әртараптандырылған салаларындағы оңтайлы реттеу құрылымдары арқылы елге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саясаты, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы ұсынатын жан-жақты қаржы ресурстарының болуы шетелдік компаниялардың Қазақстанға өте перспективалы инвестициялық аймақ ретінде сенімін арттыруға ықпал етеді. Жолдауда айтылған өзекті мәселелерге тоқталсақ, Президенттің мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға, шағын және орта кәсіпкерлікті жаппай дамытуға, еліміздегі тариф пен бағаны реттеу мәселесін қолға алуына, жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға жеткізуге тағы басқа ой толғамдары қолдауға тұрарлық деп ойлаймын.

Жолдауда Президенттің : «Қоғамдық диалог, ашықтық адамдардың қажеттіліктеріне жедел деп қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары саналады. Президент Әкімшілігінде мемлекеттік органдар азаматтарының өтініштерін қарау сапасын қадағалайтын, олар бойынша жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды» дегені құптарлық жайт.

П.Таңатова,

аудандық кәсіпкерлік және туризм

бөлімінің бас маманы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT