Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауында бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Ол жолдауының бір бөлігінде: «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады» деді. Бұл шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыз азамат пен азаматшалар тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті бюджет нығаяды деген сөз.
Мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Мемлекет басшысы осы мақсаттар үшін ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін жеткізді. Жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керектігін де айтты. Әсіресе «қарапайым заттардың экономикасына» айрықша мән беруді сұрады. Тағы бір қуантарлық жайт, Үкіметке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 3 жылға дейін салық төлемдерінен босатуды тапсырды. Бұл ең алдымен жаңадан кәсіп ашқалы отырған кәсіпкерлер үшін үлкен жеңілдік болары анық.
Жексенбай ПАЗУЛОВ, Махамбет аудандық
кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы