Қарапайым еңбек адамына үлкен құрмет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2025 жыл елімізде «Жұмысшылар жылы» деп жарияланғаны белгілі.

Осыған орай елордада өткен дәстүрлі республикалық тамыз конференциясы аясында маңдай терімен, адал еңбегімен елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына деген құрмет ерекше атап өтілді.

Осы шара барысында жерлесіміз, Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің аспазы Черняева Жұма Нүбжанқызы ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл марапат – еңбектің қадірін білуге, жұмысшылар еңбегін бағалауға бағытталған «Жұмысшылар жылы» аясындағы айтулы құрметтің бір көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT