Карантин кезінде отшашу шашып, туған күн тойлаған

Жақында Атырау қаласының 1973 жылы туған тұрғыны түнгі сағат 22.00 шамасында карантин режимін бұзып, туған күнін тойлаған.

Онымен қоймай ауласында отшашу шашып атап өткен. Құқық бұзушыға Атырау қалалық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің " Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша 476-бабымен және де бұдан басқа осы кодекстің "Елді мекендерде атыс қаруынан, газды пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бойынша 436-бабымен хаттамалар жасақталды, деп police.atyrau инстаграм желісінде хабарлайды.

Рәсімделген іс-құжаттар сотқа жолданды.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT