Каналдар жөнделе бастады

Атырау облысында егін және мал шаруашылығын суландыруға арналған 21 су арнасы бар. Соның соңғы 2 жылда аршылған бесеуі су қабылдауға дайын. Бұған дейін республикалық су шаруашылығы мекемесінің құзырында болған су арналары былтыр облыс иелігіне берілген болатын. Қазір олар «Табиғат» мемлекеттік кәсіпорнының меншігінде. Жаңа құрылым облыстық бюджет арқылы қаржыландырылады. Ол жөндеу жұмыстарын айтарлықтай оңтайландырып отыр.

Жергілікті билік қаражат бөлсе, кәсіпорын былтыр басталған жұмыстарды биыл да жалғастыруға дайын. Аймақтағы егін шаруашылығымен айналысатын 150-ден астам шаруашылық суды каналдар арқылы Жайық өзенінен алады. Бұдан өзге мал жайылымы мен шабындықтарға да тірлік нәрі осы 21 арна арқылы жеткізіледі. 

– 2026 жылға жоспар бойынша «Нарын», «Сборный» каналдарына, содан соң Қызылқоға ауданындағы «Кезауыз», «Қарабау» каналдарына ең алдымен жобалық-сметалық құжаттама жасақтап, облыстан қаржы сұрап жатырмыз. Осы наурыз айынан бастап «Сборный», «7-ауыл-Айсары», «Жасқайрат» каналдарын тазалау жұмыстарын жүргіземіз, — дейді су арналарына жауапты кәсіпорын  директоры Асланбек Рысжанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT