Қала күніне орай апатты үй тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды

Қала күні қарсаңында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Қарымсақов көшесі №4 және Қожақаев көшесі №11 мекенжайларында орналасқан апатты үйлердің тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа қоныстар Ақмаржан тұрғын үй кешенінен берілді. Екі және үш бөлмелі пәтерлер барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылған.

Шаһар басшысы өз сөзінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – қаланың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар жыл соңына дейін апатты үйлерде тұрып жатқан тағы 70 отбасы кезең-кезеңімен жаңа пәтерлерге көшірілетінін жеткізді.

 

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері қала бойынша 100-ге жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT