«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті

Басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру.

Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында осындай пікір білдірді. ҚР Президенті конституциялық реформа еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашқанын атап өтті.

«Басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес. Референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы деуге болады. Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты. Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, Президент алда әлі де ауқымды жұмыс барын атап өтті.

«Елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті. Бұл реформалар билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады. Елдегі саяси үдеріске азаматтардың қатысуына жол ашады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түседі. Біздің осы бастамаларымызға қоғам өкілдері қолдау білдірді. Ауқымды жаңғырту жұмысын жүргізуге мүмкіндік туды. Соның арқасында бірнеше жылда айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі ауқымды жұмыс бар», - деді Мемлекет басшысы.

Фото: t.me/aqorda_resmi

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT