Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына азаматтардың келуі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ОСК мәліметтері бойынша, сағат 20:10-да дауыс берушілер саны 6 509 695-ке жетті, келгендер саны әзірге 54,09 пайызды құрады. Дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың жалпы саны – 12 035 004 адам.