Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиналыс өтті.

Бас Прокурор Б.Асылов жеке құрамды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуінде негізгі заңның маңыздылығын атап өтті.


«Конституцияда адам құқықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін қорғаудың заңдылығы мен кепілдіктерінің негізі қаланған. Қарқынды өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында прокуратура мемлекеттік биліктің барлық институттарымен синхронды түрде қоғамның қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи органға айналады», - деді қадағалау ведомствосының басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қабылданған «Прокуратура туралы» Конституциялық заңында жоғары қадағалауды одан әрі дамытудың бағыты белгіленген.

Прокурорлардың күш-жігері өмірдің барлық салаларында азаматтардың Конституция кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, адал бизнестің мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қоғам үшін басқа да өзекті  мәселелерге жұмылдырылған.

Биыл әлеуметтік-экономикалық саладағы прокурорлардың актілері бойынша 280 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде еңбек, денсаулық сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, меншік құқығын сақтау саласындағы конституциялық құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді.

Мемлекеттік органдардың елдің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін 8 мыңнан астам заңсыз актілерінің күші жойылды және өзгертілді, атап айтқанда салық салу, мемлекеттік сатып алу, жер және тұрғын үй қатынастары, қала құрылысы, табиғатты қорғау мәселелері бойынша.

Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатысты 352 сот актісі қайта қаралып, 15,7 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттің мүдделері қорғалды.

Кәсіпкерліктің конституциялық кепілдігін қорғау және бизнес субъектілерінің мүддесі үшін инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында 14 мың тыйым салу және шектеу шараларының, 562 млн теңгеге 4 мың заңсыз әкімшілік іс жүргізудің күші жойылды.

Құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберінде прокуратураның қылмыстық-құқықтық саладағы құқық қорғау рөлі күшейтілді.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында прокурорлар тергеу органдарының 177 мыңнан астам шешімін тексерді, 5,6 мың заңсыз қаулыларды қабылдаудың жолын кесті, 610 адамды қылмыстық орбитаға негізсіз тартудан қорғады.

Прокурорлардың бастамасымен 198 сотталғанның жағдайы жақсарды, 9 адам ақталды.
Прокуратура органдарының елдегі заңдылықты нығайтуға қосқан үлесін де айтты. Бас Прокурор ұжымға жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірді және қадағалау қызметінің негізгі басымдықтарына тоқталды.

«Әрбір прокурор барлық күш-жігерін басты міндеттерді орындауға – Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге және жоғары конституциялық құндылықтарды – адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағыттауға тиіс», - деп атап өтті Б.Асылов.

Іс-шара соңында үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

 
 
Бас прокуратураның баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT