Аудандық соттың ғимаратында судья А.Ергазиеваның қатысуымен "Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою" тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Махамбет ауданы прокуроры А.Сабит, аудандық полиция бөлімі полиция аға лейтенанты Ж.Ділмағамбетова және сот мамандары қатысты. Кеңсе бас маманы А.Косымбаева өз баяндамасында Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында ана мен баланы, отбасылардың осал топтарын әлеуметтік қолдауға жеке назар аударылғанын атап өтті. Бұған қоса әлеуметтік-еңбек қатынастарын, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау бойынша стратегиялық міндеттерге де тоқталды.
Семинар соңында тұрмыстық зомбылықтың алдын алуына бағытталған ұсыныстар келтірілді.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз