Іздеу саламыз!

Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарға іздеу салынады.

8.11.2019 жылдың сағат 21:02-де Махамбет АПБ-не азаматша Жұмағазиева Зоя 09.07.1945 жылы туған. Мекен жайы: Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №11 үй 02.11.2019 жылы сағат 15:00 шамасында өзінің туған баласы азамат Үбішаев Арман Елемесұлы 05.07.1981 жылы туған үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, кері оралмағаны жөнінде хабарлады.

1.Убишаев Арман Елемесұлы 05.07.1981 жылы туған.

Белгілері: бойы 175-180см, шашы қоңыр қысқа қиылған, дене бітімі толықша келген, жүйке аурулар есебінде тұрады, оң жақ аяғын ақсаңдап басады.

Үстіне киген киімі: қара түсті күртеше, ашық көк түсті трико, қара түсті жазғы аяқ киім. Бұрын-соңды үйінен бірнеше рет белгісіз бағытқа шығып кетуі болған. Жоғарыда көрсетілгенді негізге ала отырып, жеке құрамға толықтай бағдарлап, тиісті барлық есептерден тексеріп, аталған оқиға бойынша оң мәліметтер болған жағдайда Махамбет АПБ-нің келесі байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (71236) 2-14-41, 2-11-32, 8775 717 55 84.

2. Есекешов Бекбол Электрович 23.02.1973 жылы туған.

Махамбет ауданы ПБ-мен 29.11.2018 жылы Махамбет ауданы, Махамбет ауылына қарасты «Стан» мал шаруа қожалығынан шығып кетіп, осы уақытқа дейін үйіне қайта оралмаған Мақат ауданы, Мақат кенті, Болашақ ықшам ауданы №3 үй №21 пәтер тұрғыны 23.02.1973 жылы туған Есекешов Бекбол Электрович іздестірілуде.

Үстіне киген киімі: қоңыр түсті куртка, қара түсті тоқылған бас киім, қара түсті шалбар, аяғында қоңыр түсті былғары тектес етік. Белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі толық, көзі қара түсті дөңгелек, шашы ақ түскен қара.

Махамбет ауданы полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521