Индерліктер "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысты

Бүгін Индер ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аудандық ішкі саясат бөлімиімен және аудандық жастар ресрустық ортьалығының ұйымдастыруымен өткізілген акцияға қатынасушылардың қатары өте көп болды.

Туған жердің тазалығына мән бере білген тұрғындар белсендіңлік танытты десе болатындай.  

Шараны аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Темірлан Бертілеуов сөз сөйлеп ашып,  қатынасушыларды еліміздің бас қаласы  Астана күні мерекесімен құттықтап, өлкеміздің өзекті мәселесіне айналған тазалық жұмысына біркісідей атсалысуға келген жерлестерге ризашылығын білдіріп, акцияның мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Шығыс мөлтек ауданының аумағында  өткен акцияға маслихат депутаттары, мекеме қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, қоғамдық ұйымның мүшелері және де 250-ге жуық тұрғындар мен қатар «Жасыл ел» сарбаздарынан құралған командалармен бірге 7 арнайы техника тартылып 16 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.

Мұндай акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT