ИНДЕРДЕ ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ ЖЫР БОЛДЫ

Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жол мәселесін өзекті бір тақырып ретінде атап өткен болатын. Осыған орай облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жасаған сапарында аудандағы өзекті болған жолдың жайын жіті қадағалап, басшыларға арнайы тапсырмалар жүктеді.

Жалпы бүгінде Индербор кентінде 30,9 шақырымды құрайтын автомобиль және жаяу жүргінші жолының құрылысы жүруде.

«Көктем» шағын ауданындағы 11 учаскеге 4,2 км болатын автомобиль және жаяу жүргінші жолының құрылысы толықтай аяқталған. Сондай-ақ құны 1 млрд.304 млн. теңге болатын Индербор кентішілік асфальт салынбаған 10,4 км автомобиль және жаяу жүргінші жолының жұмыстары басталса, оны «Монолит Дизайн-2030» ЖШС атқарады. Келер жылы халық игілігіне берілмекші. Бұған қоса көп жылдан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселе - кенттегі «Болашақ» және «Шығыс» мөлтек аудандарының автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салу болса, екі жылдық кезеңді қамтитын жол құрылысы биыл басталып, келесі жылы толық аяқтау жоспарлануда.

 - Дегенмен де, мердігер мекеме тарапынан жол салу жұмыстары баяу жүріп жатқанын атап өтемін. Аудан әкімдігі мердігер мекеменің биылғы жылға жоспарланған жұмыстарын толық аяқтап шығуын қатаң бақылауға алу керек. Орташа жөндеу жұмыстары басталғанымен, сол аумақтағы ауыл тұрғындары тарапынан реніштің болғандығын жақсы білемін. Қыркүйек айында осы жол бойынша менің орынбасарым Қайрат Талапұлы келіп, өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, мән-жайды маған жеткізді. Ең бастысы – жолдың сапасы! Сол себепті облыстық автомобиль және жолаушылар көлігі басқармасына жергілікті тұрғындардың ұсынысын ескере отырып, жолды сапалы әрі мерзімінде бітіруін қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Оған қоса, «Атырау-Орал» республикалық тасжолынан Индербор кентіне кірер 7 км жолға орташа жөндеу жұмыстары бойынша биылға жоспарланған бөлігі аяқталды. Биылғы су тасқыны кезінде, өздеріңіз білетіндей, аталған жол бойындағы сайларды су басты. Сол себепті жобаға өзгерістер еніп, су басқан жерлерге темір-бетонды су өткізгіш тұрбалар салу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар келер жылы көктемде жалғасатын болады, - деген болатын облыс әкімі.   

Сұңқар КӨШЕКОВ 

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT