Бүгін Республика көлемінде өткізілген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бөдене ауылында сенбілік ұйымдастырылып, ауыл жастары мен еріктілердің қатысуымен ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің экологиялық тазалығын сақтауға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Акцияға қатысқан ауыл тұрғындары мен жастар белсенділік танытып, жасыл аймақ қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Осындай бастамалар таза, көрікті әрі жайлы мекен қалыптастырудың кепілі болмақ.
Бұл акция ауданның барлық ауылдық округтерінде ұйымдастырылды.
Аудан әкімдігі