Halyk қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімді енді мобильді қосымшада «АӘК алу» қызметтері арқылы беруге болады.
Осыған дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімді тек eGov электрондық үкіметінің сайты, әкімдік немесе ХҚКО арқылы беруге болатын.

Атаулы әлеуметтік көмек – бұл белгілі бір аймақ үшін кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамға немесе отбасына берілетін ақшалай төлем. Сондықтан төлемдер аймаққа байланысты өзгереді.

Енді табысы кедейлік шегінен аспайтын кез келген қазақстандық Halyk қосымшасында атаулы әлеуметтік көмек алуға оңай өтініш бере алады.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар үшін әлеуметтік-еңбек саласы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және түрлі платформалар арқылы ұсынылатын цифрлық қызметтер спектрін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Қызметтерді мүмкіндігінше қарапайым және жылдам алуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – екінші деңгейлі банк платформалары. Осы бағыт бойынша өзара іс-қимыл үш жылдан аса уақыт бойы жүргізіліп келеді және бүгінгі күні банктердің қосымшаларында 10 қызмет қолжетімді», – деді Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Әлихан Әбілғазинов.

«Halyk цифрлық қызметтердің қолжетімділігіне көп көңіл бөледі. Біз үшін кез келген азамат бірнеше минут ішінде үйден шықпай-ақ қажет құжаттарды, анықтамаларды, жәрдемақыларды және басқа құжаттарды оңай алуы маңызды. Биыл мемлекет халықтың неғұрлым осал топтарын қолдауға бюджеттен 76 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Ал біз банк ретінде шетте қалмадық. Halyk қосымшасында «АӘК алу» қызметін іске қосу қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдауға арналған. Бұл қаржылық процестерді жеңілдету және оларды тұтынушыларымызға қолжетімді ету жолындағы маңызды қадам. Біз қаржы қызметтерін қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуы керек деп санаймыз, ал «АӘК алу» жаңа сервисі осының жарқын мысалы болып саналады», – деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

АӘК алуға өтініш беру өте оңай. Ол үшін Halyk қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер», «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақы» бөлімін басып, «АӘК алу» батырмасын басыңыз. Процесс бірнеше минутта жасалады және тегін.

Айта кетейік, сервис Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ қолдауымен іске асырылған.

Өз клиенттерінің әлеуметтік қажеттілігінен хабардар бола отырып, Halyk өз қызметтерін дамытуды және жетілдіруді жалғастырып жатыр, оларды қоғамның барлық саласы үшін мүмкіндігінше қолжетімді және пайдалы етуге тырысады.

Бүгінгі таңда мобильді қосымшада 50-ден аса мемлекеттік қызмет алуға болады: көпбалалы отбасына немесе бала туу бойынша жәрдемақы алуға өтініш беру, жұмыссыздық туралы анықтама, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер, зейнетақы аударымдары бойынша ақпарат алу және тағы басқалар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT