Газетті гаджет алмастыра алмайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімді баспасөз бен оқу мәдениеті туралы айтқан ойлары – кітапхана саласында еңбек етіп жүрген мамандар үшін аса маңызды әрі өзекті.

Мемлекет басшысының әлеуметтік желілердің адам санасына тигізетін кері әсеріне назар аударуы бүгінгі қоғамдағы терең проблеманы дәл көрсетіп отыр. Кітапханашы ретінде жастардың зейіні қысқарып, ұзақ мәтінді қабылдау қабілеті әлсіреп бара жатқанын күнделікті жұмыс барысында анық байқап жүрміз.

Газет-журналдардың қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұрғаны туралы пікірмен толық келісемін. Себебі дәстүрлі баспасөз – ойды жүйелеуге, талдауға, салыстыруға үйрететін маңызды құрал. Қазіргі таңда кітапханалар да заман талабына сай өзгеріп, баспасөзді насихаттау арқылы оқырманның сыни ойлауын дамытуға басымдық беріп келеді. Терең сараптама мен сапалы журналистика – жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтетін сенімді ақпарат көзі.

Президенттің жастардың білім мен ғылым жолын таңдауы туралы айтқан оптимистік көзқарасы бізге де үлкен үміт береді. Индер ауданындағы кітапханаға келетін жастардың арасында газет-журнал оқуға қызығушылық танытып, дерекке сүйеніп ой қорыта алатын оқырмандардың бар екені қуантады. Оқу мәдениеті жоғары қоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізеді. Сондықтан Мемлекет басшысының бұл бастамасы кітапхана, баспасөз және білім саласы өкілдеріне үлкен серпін беріп, ұлттық зияткерлік әлеуетті нығайтуға жол ашады деп сенемін.

Асылай Зекенова,

Индер ауданының кітапханашысы

Фото: ru.freepik.com

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT