Француз бизнесмендері елімізге инвестиция құюға дайын

Парижде өткен Қазақстан-Француз инвестициялық форумы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Air Liquide» жетекші француз корпорациясы арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Құжат Атырау облысында салынып жатқан газ-химия кешенінің қажеттіліктері үшін сығылған ауа мен азот өндіретін қондырғының құрылысын және олардың ұзақ мерзімді тасымалдауын қамтамасыз етуді қарастырады. Келісімді ескере отырып, компанияның Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялары шамамен 200 миллион долларды құрайды.

Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» АҚ және MEDEF кәсіпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған форумға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация және 100-ден астам француз іскер топтарының өкілдері қатысты. Форумды аша отырып, Р.Скляр екі ел арасындағы ынтымақтастықтың 27 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім, түсіністік және стратегиялық серіктестіктің бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейін атап өтті. Вице-премьер француз кәсіпкерлерін цифрландыру, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп және баламалы энергетика сияқты басым бағыттар бойынша белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Өз кезегінде Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Орталық Азиядағы экономикалық дипломатия жөніндегі арнайы өкілі Паскаль Лоро: «Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы маңызды экономикалық серіктесі және Еуропа мен Азия арасын байланыстырып тұратын маңызды мемлекет болып табылады. Бүгінгі жаһандық форум, үстіміздегі жылдың наурыз-қыркүйек айларында Канн мен Ренн қалаларында өткен серіктестіктің басым бағыттары бойынша екі тақырыптық форуммен қатар, екіжақты қатынастарды тереңдету мен стратегиялық серіктестігімізді нығайту процесінің маңызды кезеңдері болып табылады».

Форум барысында қазақстандық делегация басшысы «Air Liquide», «Vicat», «IDEMIA», «Airbus», «Bureau Veritas», «Loste Group», «CNCR Group» және басқа да ірі компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Францияның экономикалық құрылымдары мен іскер топтарының өкілдері Қазақстанның қолайлы инвестициялық климатын қалыптастыру бойынша қабылдаған шараларын жоғары бағалады.

Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикарер, инвестицияларды қорғау және ілгерілету бойынша тиімді шаралар Қазақстандағы француздық жобалардың саны мен сапасын арттырғанын атап өтті. Форум «Жаңа экономика және цифрландыру мүмкіндіктері», «Жаңа энергия және ресурстардың тиімділігі», сондай-ақ «Индустриялық даму және мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбындағы панельдік сессиялар аясында жалғасты.

Сонымен қатар, форум аясында жоғары инвестициялық әлеуеті бар компаниялардың қатысуымен бірқатар B2B кездесулер өтті. Қазақстандық тараптан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Көшербаев, ҚР-дың Франциядағы елшісі Ж. Ғалиев, сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлы, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева, цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық индустрия вице-министрі М. Нұрғожин, Қазақстан-Француз Іскерлік Кеңесінің тең төрағасы А. Кәрібжанов, «ҚазАгро» Басқарма төрағасы Е. Қарашөкеев, «QazIndustry» орталығының төрағасы А. Әбдіқадыров, «Самұрық-Қазына» басқарушы директоры Л. Боранқұлова, AIFC басқарушы директоры Т. Онжанов және бірқатар отандық компаниялардың өкілдері қатысты. Осы категория бойынша: « Ұлыбританияның азаматтық авиация агенттігі Қазақстанға қолдау көрсетеді.

24.kz

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT