Ескерткіш орнатқанда да ескеретін жайттар көп

Мемлекет басшысы көптің ойында жүрген дүниені дөп басып айтты. Расында кейінгі кездері жаппай ескерткіш орната беру белең алып кетті. 

Әрине, ескерткіштер ел тарихынан хабар беріп қана қоймай, сол облыстың не қалаға ерекше көрік беріп, ажарын аша түседі. Жалпы, ескерткіш, мемориал қою көп халықта бар тәжірибе. Жер шарын шарлағанда небір талайға таңдай қақтырған ескерткішті көресің. Сәулетін, тарихи тұлғаның таңдалуын, оқиғаның сипатын аңғартуын, тұрған жерінің ұтымдылығы мен басқа да шешімдерін іштей мойындайсың. Алайда, біз тәуелсіздік дегенді тас мүсінмен байланыстыратын шолақ ойдан арыла алмай жүргендейміз. Оның үстіне, бір сарындылық пен қайталаушылық та жоқ емес. Ел Президенті атап өткендей, белгілі бір өңірге ғана танымал тұлғаларға да тас мүсінмен құрмет көрсету бақталастыққа да айналып бара жатыр. Сондықтан, қала көшесін тас мүсінмен толтырғанша, арасында екшеп,тексеріп, архивтерде аты бар азаматтарға да орнатқан дұрыс болар.

Қатимолла РИЗУАНОВ

Атырау облысының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT