«Есепте тұрған тұлға» іс-шарасы:

Махамбет ауданы полицейлері Ішкі істер органдарының есебінде тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізуде

Рецидивтік, алкогольдік, отбасы-тұрмыстық қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 10-23 ақпан аралығында республика көлемінде «Есепте тұрған тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, әйелдер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, профилактикалық есебіне алынғандар және қолайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеріп, олармен профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізу.

Жедел алдын алу шарасы аясында өзіне бекітілген әкімшілік аумағында қорғау нұсқамасы тағайындалған тұлғаның тұрғылықты мекен-жайын учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Сатыбалдиев 

 және Отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны А.Сапарғалиева құқықтық профилактикалық жұмыстарын жүргізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT