Аудандық сотта неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы сотқа берген талап арызында, жауапкермен 2010 жылдан бері заңды некеде және арада балалары бар екенін, оның ажырасуына себеп, мінез-құлықтарының келіспеушілігі салдарынан бірге отбасын сақтап тұра алмайтынын айтып, некені бұзуды сұраған.
Сотпен тараптарға татуласу үшін уақыт беріліп, ажырасудан тайынбаған талап қоюшы соңғы сот отырысында судьяның түсіндіруінен кейін сот жарыссөзінде ғана некені бұзу ойынан қайтып, істі мәні бойынша қарау қайта басталып талап қоюшы А.Д. некені бұзу туралы талап қою арызын балалары үшін қайтарып алатынын мәлімдеп, арызын қараусыз қалдыру туралы өтінішхат берді.
Сот ұйғарымымен талап қоюшының жауапкермен арадағы некені бұзуды сұраған азаматтық ісі қараусыз қалдырылды. Некені бұзу туралы арыз берілсе де, оны қайта алу еш уақытта кеш емес.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Махамбет аудандық соттың баспасөз қызметі