Махамбет аудандық сотында талап қоюшы Г-ның жауапкер Ж-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы Г. сотқа берген талап арызында жауапкер Ж-мен 2012 жылы некелесіп, некеден кәмелетке толмаған төрт баласы бар екенін, мінездері келіспеуіне байланысты ортақ некеде тұру мүмкіншілігі жоқтығын айтып, жауапкермен арасындағы некені бұзуды сұраған.
Сот кеңсесіне тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түсіп, өтінішке тіркелген 18 қыркүйек 2019 жылғы татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Оның шарты бойынша жауапкер алдағы уақытта отбасын сақтап, баянды өмір сүру үшін талап қоюшымен бірге тұруға міндеттеніп, сол себептен тараптар әрі қарай да некелік (ерлі-зайыптылық) қатынастарын жалғастыра береді, ал талап қоюшы жауапкермен араларындағы заңды некені бұзу туралы талабынан бас тартады.
Сотпен аталған медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз