Энергетика саласындағы түйткіл

Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ҚХП Атырау облыстық филиалының төрағасы Балжан Досмұхамбетова қалалық емхананың ұжымымен кездесті.

Спикер кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ол алдымен Халық партиясы еліміздің барлық тұрғынына лайықты жалақыны қайтару үшін халықаралық конвенцияны ратификациялауды талап ететіндігін айтты. «Барлық адам балаларын оқыту үшін лайықты жалақы алып, жақсы жағдайда өмір сүруі керек», деді Б.Досмұхамбетова. Сондай-ақ ол Халық партиясы балабақшалардан бастап халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуді жəне тегін білім беруді қолдайтынын тілге тиек етті. Партия өкілі мемлекет көпбалалы отбасында тəрбиеленген балаларға жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін білім беруге тиіс екенін мəлімдеді. «Халық партиясы əйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 жəне одан көпбаланы тəрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етеді. Біз мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді жақтаймыз. Зейнетке шыққаннан кейін олар мүгедектік бойынша жəрдемақы мен зейнетақыны қатар алуы керек», деді ол.
Сөз арасында Б.Досмұхамбетова Халық партиясы жұмысшылардың еңбекақысын көтеру, халыққа төмен мөлшерлемемен несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынғанын жеткізді. Ал ҚХП төрағасының орынбасары, Мəжіліс депутаттығына кандидат Талғат Темірханов Қарағандыдағы ЖЭО-3 ұжымымен кездесті. Спикер еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия өкілі ең алдымен энергетика саласындағы өзекті мəселелерді атап өтті. Ол еліміздегі электр желілерінің тозуы, білікті маман тапшылығы, Екібастұздағы апат секілді қордаланған проблемаларды тілге тиек етті. «Энергетика саласындағы кəсіпорындар төл теңгемізбен берілетін арзан несиеден қағылып, салдарынан шетел банктерінен несие рәсімдеп жүр. Бір сөзбен айтқанда, девальвация пайданы жұтып, елде қалуға тиіс несиенің пайыздары шетел асып жатыр. Екінші деңгейлі банктерді нақты секторды несиелеуге қайта бағыттау қажет. Сондай-ақ «Өнеркəсіптік ипотека» бағдарламасын қабылдау керек», деді кандидат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT