Енді медициналық анықтамалар электронды түрде берілмек

Жаңа жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде беріледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Қаңтар айынан бастап емханадағы кезекті азайтып, медициналық анықтамалардың заңсыз берілмеуі үшін 8 анықтама электронды форматқа көшеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Атап айтар болсақ,

- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы

- 075 / е «Медициналық анықтама»

- 026 / е «ДКК қорытындысы»

- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»

- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»

- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»

- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»

- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама» электронды форматқа көшіріледі.

Аталған анықтамалар қажет болған жағдайда, азаматтардың келісімімен талап еткен мекемеге тікелей жолданады.

- Қазір «Амбулаториялық-емханалық көмек» арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы азаматтар өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске асырылғанын атап өтеміз, - деді №5 қалалық емхананың басшысы Нұрбақыт Купжанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT