Махамбет аудандық №215 сайлау учаскесінде дауыс берушілер сағат санап артуда.
Зейнеткерлер, сала ардагерлері мен жас отбасылар да айтулы күнде арнайылап келіп, өз таңдаулары жасап жатыр. Солардың қатарында биыл ғана 18 жасқа толған ең жас сайлаушы Алихан Есімов те бар.
Әжесімен бірге келіп дауыс берген Әлихан болашағы үшін маңызды шешім қабылдауда өз үлесін қосқанына өте қуанышты екенін жеткізді. №215 сайлау учаскесінің атынан ең жас сайлаушыға естелік сыйлық табысталып, наурыз көже мен дәм ұсынылды.