Елімізде жаңартылған оқу бағдарламасы енгізіледі

Елімізде 6536 орынға арналған 362 мектеп құрылысы жүргізіліп жатса, оның басым көпшілігі “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Осының негізінде Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңартылған оқу бағдарламасы енгізіледі.

Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан тамыз кеңесінде республика Оқу-ағарту министрлігінің өкілі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы “Талдау” ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы мәлімдеді.

Спикер өз сөзінде ауыл мектептеріне инновациялық технологияны дамыту ісі де жолға қойылатынын атап айтты.

 

Мәлике МӘЛІК

 

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT