Елімізде утилизациялық алым жинайтын "Оператор РОП" қызметі тоқтатылды

Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады.

"ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді", – делінген хабарламада.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайды. 2021 жылдың соңында утилизациялық алым ставкасы мен көлік бағасына наразы болған қазақстандықтар утилизациялық алымды алып тастау талабымен петицияны іске қосты. Ал жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырды.

Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.

 

Stan.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521